Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанның оқушылары халықаралық олимпиадада 3 күміс, 4 қола медальді иеленді

Биология мен информатика пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадада Қазақстанның құрама командасы 3 күміс, 4 қола медальға қол жеткізді, деп ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады.
Әлемде28 Шілде , 18:21

«Көптеген жылдар бойы пәндер бойынша зияткерлік сайыста қазақтандық оқушылар көш бастап келеді. Биология  мен информатика пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадада Қазақстанның құрама командасы 3 күміс, 4 қола медальға қол жеткізді», - делінген хабарламада.

Сонымен, Индонезияда өткен Биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада Тараз қаласынан  барған оқушылар Роман Когай, Антон Хван мен Хафиз Жұмаділ қола медальды иеленді. Ал, қызылордалық Асқарбек Орақов күміс медальді еншіледі. Осылайша, Қазақстанның құрама командасы жалпы есепте 61 мемлекеттің ішінен 19 орынға табан тіреді.

Сонымен қатар, Тайванда өткен Информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадада Мирас Мырзакерей мен Ұлықбек Әділбеков күміс медальға қол жеткізді, ал Данияр Мамешов қола медалды місе тұтты.

 




Яндекс.Метрика