Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Партиялықтар «Нұр Отанның» жемқорлыққа қарсы бағдарлама жоспарын талқылауда

Республиканың барлық аймақтарындағы бастауыш партия ұйымдарында «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын талқылау жөнінде шаралар өтуде, деп «Нұр Отан» партиясының ресми порталы хабарлады.
Казахстан28 Шілде , 19:22

Атап айтқанда, Қостанай облысында  Жемқорлыққа қарсы бағдарламаның жобасын талқылауға Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі департаменттің қызметкерлері, партияның облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Партиялықтар  Бағдарламаның негізгі ережелерін -  қоғамның барлық топтарын жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, экономикалық салада, мемлекеттік қызмет және басқару саларында жемқорлыққа қарсы  іс-қимылда қоғаммен өзара әрекеттесу, жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру және басқа да мәселелерді талқылады.

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлмира Кәпенова талқылау барысында мемлекеттік қызмет және басқару саласындағы жемқорлықтың кез-келген көрінісі халықтың билікке деген сеніміне көлеңке түсіретінін айтады.

«Әр салада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жұмысын, егер ол өз міндетіне адал қарайтын болса көрсету қажет», – деп атап өтті ол.

Бағдарламаның жобасын Қызылорда облысында - Арал аудандық филиалында «Теміржол» БПҰ талқыланды.

«Ел ертеңі үшін аса қауіпті кесел – жемқорлықпен күресудің жаңа жолдарын бәріміз бірлесіп анықтап, бұл істі заман талабына сай жұмыла жолға қоюымыз қажет», – деді жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясын «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Танбаева.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық партия филиалында партия мүшелері  партияның Жемқорлыққа қарсы бағдарламасын талқылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумдар, мемлекеттік емес секторлармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою және басқа да мақсатты іс-шаралар негізінде пікірталастар ұйымдастырылып, жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тетіктерін іздеуді қолға алыну керек», – деді аудандық партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы З.Маханова өз сөзінде. 

 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаның жобасы  «Нұр Отан» партиясының ресми сайтында жарияланған.

 




Яндекс.Метрика