Адами капитал

Маусымдағы орташа айлық атаулы жалақы 124780 теңгені құрады- Статагенттігі

2014 жылғы маусымдағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 124780 теңгені құрады, деп статистика агенттігінде хабарлады.
Казахстан28 Шілде , 18:07

Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы маусымға 113,5%, ал нақты жалақы индексі 106,0% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 243,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 224,0 мың теңге (1,8 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 201,4 мың теңге (1,6 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 69,2 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44,5%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді – 222,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады.
 
Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 85,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,2%-ға төмен.




Яндекс.Метрика