Өңірлер

Әскери-әуе күштері түнгі оқу-жаттығу ұшуларын жүргізді (ФОТО)

Қазақстан Әскери-әуе күштеріндегі армиялық авиацияның ұшқыштары Ми-17 және Ми-24 тікұшақтарымен жауынгерлік атыстарды қолдана отырып, түнгі оқу-жаттығу ұшуларын жүргізді, деп қорғаныс министрлігінде хабарлады.
Алматы 28 Шілде, 17:51

Ми-17 және Ми-24 тікұшақтарының экипаждары ұшу тапсырмаларының кезекті кезеңі аясында белгіленген орынға шығу, ауада барлау жүргізу және шартты қарсыластың позициясын анықтау сынды жауынгерлік даярлықтарды қиын жағдайларда орындады.

«Оқу-жаттығу ұшуларына 100-ге тарта әскери қызметші, оның ішінде армиялық авиацияның 5 экипажы қатысты. Ұшқыштар барлығы 200 жауынгерлік оқу-жаттығу ұшуларын орындады. Атулар түн жағдайында жүргізілгендіктен, экипаждардың тапсырмаларын қиындатылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, калибрі 12,7 миллиметрлік қару-жарақпен және С-8 басқарылмайтын авиациялық зымырандармен шартты қарсыласқа оқ атты.

«Әртүрлі оқу-жаттығу ұшуларын орындау арқылы ұшқыштарымыздың кәсіби деңгейін арттыру кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді. Ұшулар даярлығы бағдарламасы экипаждардың ұшу шеберлігін шыңдауға бағытталған» - деп атап өтті ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы полковник Дәурен Қосанов.





Яндекс.Метрика