Өңірлер

ҚДБ 2023 жылға қарай несиелік портфельді 2,6 трлн теңгеге дейін көбейтуді жоспарлауда

«Қазақстанның даму банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ үлескер ұйымы) директорлар кеңесі 2014-2023 жылдарға арналған жаңа Стратегияны бекітті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Шілде , 17:32

Көрсетілген тиісті негізгі көрсеткіштерге сай «Қазақстан даму банкі» АҚ 2023 жылға қарай несиелік портфельді 2,6 трл теңгеге дейін көбейтпекші, 2013 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 379 млрд теңге.

Банк тарапынан қаржыландырылған жоба мен инвестициялық бағдарламалар алдағы 10 жылда 4,4 трлн-нан 1,3 трлн-ға көбейіп, активтердегі несиелік портфель үлесі 75 пайызды құрауы тиіс.  

«Даму банкінің жаңартылған Стратегиясы қазақстандық экономиканың бүгінгі жағдайына қарай ыңғайланып, жалпы елдің үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының үдесінен шығуды көздейді. ҚДБ басты міндеттемесі ретінде біз ұлттық валютада қарыз алушылар үлесін арттырып, инвестициялық жобаларды қаржыландыру шарттарын жақсартуды атар едік», - дейді ҚДБ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров.

Банк Стратегиясын іске асыру аясында жобаларды орындаудан бастап әлеуметтік-экономикалық тиімділік қағидасына дейінгі жағдайлар қарастырылады. Сонымен екінші деңгейлі банктермен стратегиялық әріптестік қарастырылған.

Осы орайда Даму банкі банкаралық несиелеу тәжірибесін жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар, несиелеу құралдарын қосқандағы қаржыландыру құралдары да енгізілген.




Яндекс.Метрика