Өңірлер

Халықаралық жастар лагерінде 250-ден астам студент демалды

Шығыс Қазақстан облысында Алакөл өзенінің бойында «Алакөл алаулары» атты халықаралық жастар лагері өз жұмысын аяқтады, деп ШҚО-ның ақпараттық орталығынан хабарлады.
Шығыс Қазақстан28 Шілде , 17:01

Екі апта бойы осы шараның қолдауымен Алтай өңірі студенттерінің «Біздің ортақ үй - Алтай» ХІ халықаралық жазғы мектебі мен республикалық студенттер лагері «Жас Star» өткізілді.

Бұл шара халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға, жастарды Достастық елдеріндегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы барысы жайлы хабардар етуге, тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтуға, жастардың Достастық туралы дүниетанымдарын кеңейтуге бағытталған. Жобаға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінен келген 250-ден астам  жасөспірім қатысты.

Жастар саясаты бойынша басқармасынан хабарлағандай, қатысушылар үшін бағдарлама бойынша семинар-тренингтер, DJ RING, Фаэр-шоу, Камеди-клаб сынды мәдени тынығу шаралары мен облыс әкімінің кубогына КТК фестивалі өткізілді.




Яндекс.Метрика