Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ертең Астанада ҚР Метрологтар кеңесінің отырысы өтеді

29 шілдеде «Astana Solar» ЖШС фотоэлектрикалық модульдер зауытының базасында Қазақстан Республикасы Метрологтар кеңесінің 5-інші отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Астана қаласы28 Шілде , 15:51

Жиында Қазақстан Республикасындағы өлшеу құралдарын калибрлеуді дамыту мәселесі талқыланып, Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Метрологтар кеңесі мүшелерінің ұсыныстары қаралады.

Шараның соңында «Astana Solar» ЖШС базасындағы фотоэлектрикалық модуль зауытының тұсаукесері рәсімі өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Astana Solar» ЖШС фотоэлектрикалық модуль зауыты жүз пайыздық қазақстандық кремний негізінде күннен қуат алатын батареялапр шығарумен айналысады. Аталмыш зауыт тікелей Елбасыны қатысуымен 2012 жылдың 25 желтоқсанында қосылған еді.




Яндекс.Метрика