ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Алматыда мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды

Алдағы уақытта түрлі этнос өкілдері қазақ тілінің негіздерін тегін оқи алады. Бұл жөнінде Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басармасының бас маманы Қымбат Нұрсұлтанқызы мәлімдеді.
Алматы07 Тамыз , 00:00

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Алматыда өзге ұлт өкілдеріне арналған қазақ тілін оқыту орталығы өз жұмысын бастады. Оны қаладағы Медеу ауданының әкімдігінде ашу жоспарланып отыр. Бір ай бойы өзге ұлт өкілдері қайтарымсыз негізде үздік ұстаздардан қазақ тілінен сабақ алады.

«Қазір топқа қабылдау жүріп жатыр. Әрқайсысы 30 адамнан тұратын шамамен 3-4 топ болады. Бұл жеделдетілген және қысқа мерзімді курс. Сөйлесу тәртібіне көп көңіл бөлінеді. Оқулар өтетін орын әлі анықталуда», – деді Қ.Нұрсұлтанқызы.  




Яндекс.Метрика