Қалаларға шоғырлану

ҚТЖ-да ашық есік апталығы басталды

Бүгін Астанада «ҚТЖ»ҰК» АҚ орталық ғимаратында «Ашық есік аптасы» басталды. Шараның мақсаты «ҚТЖ»ҰК» АҚ компаниялар тобында жүріп жатқан Бизнесті транформациялау бағдарламасы туралы түсіндіру, ол 1 тамызға дейін жалғасатын болады, деп ҚТЖ баспасөз қызметінен хабарлады.
Астана қаласы28 Шілде , 11:33

«ҚТЖ»ҰК» АҚ бизнесті транформациялау жүріп жатыр, ілкімді істі іркілтпей іске асыру үшін бүгінде сарапшылардан құрылған арнайы топ жұмыс істеуде.

«Бағдарламаны түсіндіру жолында «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның арнайы жұмыс тобы осы уақытқа дейін жүргілізген жұмыстар жайлы хабардар етеді және алдағы жоспарлармен бөліседі», делінген хабарламада.

 «Ашық есік аптасы» аясында барлық адамдар аталмыш салада  өзін мазалап жүрген сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар, компания қызметін жақсарту жолында тың идеялар мен ұсыныстар да жасай алады.




Яндекс.Метрика