Өңірлер

Қарағандыда көмір өндірісі құрылысының жобасы талқыланды

Қарағандыда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен «Цинхуа» қытай энергетикалық корпорациясы басқарма төрағасы Хо Цинхуаның кездесуінде «Кузнецкий» разрезіндегі көмірхимиялық өндіріс құрылысы жобасы талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімі.
Қарағанды28 Шілде , 10:48

Кездесуде өңір басшысы қытай тарапынан пайдаланылып жатқан жаңа технологиялардың көмірден қосымша өнім түрлерін, соның ішінде газ, дизель отыны мен карбамид өндіруге мүмкіндік беретінін айтты.

«Осылайша бір тонна көмір өндіруден шығатын экономикалық тиімділік 5-7 есеге дейін артады. Бұл экономикалық басымдылықтар ретінде жарияланған шикізатқа алмастырудағы жаңа технологиялар трансферті мен қосымша құнын арттыру қағидасы біздің мемлекеттің мүддесіне толықтай жауап береді», - дейді әкім.     

Сонымен қатар, қытай энергетикалық корпорациясы төрағасымен арада жергілікті халықты жұмыспен қамту жобаларын қаржыландыру, елде шығарылатын өнімдерді пайдалану, құрылыс мерзімі, Қазақстанда қабылданған экологиялық талаптар мен стандарттарды орындауға қатысты мәселелер талқыланды.




Яндекс.Метрика