Экология

Астанада қалдықтарды басқару саласын жаңғырту бойынша семинар өтті

Астана қаласында Экологиялық реттеу және бақылау комитеті аумақтық экология департаменттері басшыларының орынбасарлары – бас мемлекеттік инспекторлары үшін қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мен қоршаған ортаға әсерді бағалау саласындағы әлеуетті нығайту мақсатында «Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбына семинар-тренинг өтті, деп ведомствода хабарлады.
Астана қаласы28 Шілде , 10:01

Сонымен қатар тыңдаушылар 2014-2050 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын, қалдықтарды басқару секторындағы мемлекеттік-жеке әріптестік, иесіз қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату, күшті органикалық ластағыштарды басқару  мәселелерін талқылап, Қазақстанның халықаралық конвенцияларға байланысты міндеттері мен қалдықтарды басқару саласындағы жобалармен танысты.

Семинарда «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мен қоршаған ортаға негативтік әсерді шектейтін және еліміздің халқының өмір сапасы мен жағдайын жақсартуға бағытталған қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру жайлы мәселелер талқыланды.

Баршаға белгілі, Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасында қалдықтарды басқару саласын жетілдіру негізгі бағыттардың бірі болып белгіленген.

Семинардың соңында Қалдықтарды басқару департаментімен бірлесе отырып, «ҚР қалдықтарды басқару саласы бойынша заңнаманы жетілдіру» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында қалдықтарды басқару саласындағы қазіргі нормативтік-құқықтық базасы талқыланып,  қалдықтарды басқару бойынша ҰКП-мен өнеркәсіп кәсіпорындарында қалдықтарды басқаруға байланысты, аумақтардың  қалдықтарсыйымдылығын есепке алу бойынша жергілікті үкімет органдарымен әрекеттестікті жетілдіру және Министрліктің жанында қалдықтарды кешенді басқару бойынша ғылыми-зерттеу институтын құру мүмкіндігі жайлы ұсыныстар жасалды.




Яндекс.Метрика