Евразиялық экономикалық кеңістік

Б.Сағынтаев Бішкекте Қырғызстанның КО пен БЭК-ке енуі жайын талқылады

Қырғызстан Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Республикасы Премьер-Министрі Жоомарт Оторбаевпен және осы елдің экотномика министрі Темір Сариевпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Әлемде28 Шілде , 09:16

Кездесуде сауда-экономикалық, энергетикалық және су шаруашылығы секторларындағы, агроөнеркәсіптік кешендегі, сондай-ақ қаржы-инвестициялық саладағы ынтымақтастық пен қазақ-қырғыз байланысының бүгіні мен болашағы қаралды.

Сонымен қатар, тараптар Қырғызстанның халықаралық ұйым аясындағы байланысы мен Кедендік одаққа ену жайын талқылады.  

Кездесудің маңызды нәтижесі ретінде Б.Сағынтаев пен Т.Сариев арасындағы Қырғыз Республикасының Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке енуі мен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша қырғыз-қазақстан Хаттамасына қол қою айтылды.    




Яндекс.Метрика