Өңірлер

ЖЭС-та заманауи желдеткішті орнату жылу және ыстық сумен қамтудың сапасын арттырады

Соколов-Сарыбай кен байыту орнында ескірген құрылғының орнына заманауи желдеткіш градирнясын орнату Рудный қаласын жылу және сумен жабдықтаудың сапасын жақсартады, деп Қостанай облысының әкімдігінде хабарлады.
Қостанай27 Шілде , 15:07

ЖЭС ССКБ-ні электр энергиясымен ал Рудный қаласының тұрғындарын жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жобаның құны, яғни  жаңа градирняның құрылысына 1 млрд теңге бөлінді. Кешенді жұмыс өткен жылдың қыркүйек айында басталған болатын.

ЖЭС-те чештік өнеркәсіптің градирнясы орнатылған, ол заманауи электр қондырғысымен жабдықталған.

ЖЭС директоры Игорь Синьковтың айтуынша, жаңа жоба бірқатар басымдыққа ие – тұрақтылық, өнімділік. Бұл халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. 




Яндекс.Метрика