Өңірлер

«Өрт сөндіруші» АҚ – өрт қауіпсіздігі саласындағы аса ірі кәсіби операторлардың бірі – Божко

Астана қаласында «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 1999-2014 жылдар аралығындағы қызметі және даму перспективалары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті, деп төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Шілде , 12:44

ҚР ТЖ министрі В.К. Божко құттықтау сөз сөйледі, ол мемлекеттің азаматтық қорғау және өрт қауіпсіздігі мемлекеттік жүйесін дамытуға оның бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде үлкен мән беретінін атап өтті. Бүгінгі күні «Өрт сөндіруші» АҚ – өрт қауіпсіздігі саласында қызметтер нарығындағы аса ірі кәсіби операторлардың бірі болып табылады.

« Қоғам бөлімшелері өртке қарсы қызмет гарнизонының құрамында қорғалатын объектілерден басқа 25 елді мекендегі өрттерді сөндіруді тегін қамтамасыз етеді, 19-ында белгіленген аудандарға және бірінші дәрежелі өрттерге шығады. «Өрт сөндіруші» АҚ Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына стратегиялық маңызды объектілер мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі өрттердің алдын алуға және оларды жоюға көмек көрсетеді», - делінген хабарламада.

Бүгінде қоғамның барлық облыстарда филиалдары бар, штат саны бастапқы кезеңмен салыстырғанда екі есеге өсіп, бес мыңға жуық адамды құрайды.

Шарттық қарым-қатынас негізінде «Өрт сөндіруші» Қазақстан үшін стратегиялық маңызды бес жүзден астам мұнай-газ кешенінің өнеркәсіптік кәсіпорны, металлургия, атом өнеркәсібі мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін өрттерден қорғайды.

 




Яндекс.Метрика