Халықаралық интеграция

Қазақстандық әскери қызметшілер «Танк биатлоны – 2014» жарысына қатысады (ФОТО)

Қазақстандық әскери қызметшілер 2014 жылғы 4-16 тамыз аралығында өтетін «Танк биатлоны» халықаралық жарысына қатысу үшін Ресей Федерациясының «Алабино» полигонына келіп жетті, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде 27 Шілде, 10:34

Танк биатлоны бойынша өтетін әлем чемпионатына Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Үндістан, Қазақстан, Қырғыз, Қытай, Монғолия, Ресей және Сербия сияқты 12 елдің әскери қызметшілері қатысады.

Жарыс барысында қатысушылар марш жасап, жердегі және судағы кедергілерді еңсеріп, 900 метрден 2200 метрге дейінгі қашықтықтан үш түрлі нысананы жоюы керек.

26 шілдеде «Алабино» полигонында танк түсін, сөре кезегін, командалардың бағдар нөмірін анықтауға арналған жеребе өткізілді. Қазақстандық экипаж бұл жолғы додаға көк түсті танкпен түсетін болды.

2013 жылы «Алабино» полигонында өткізілген танк биатлоны жарысында қазақстандық команда екінші орын алған болатын.

Суретті ҚМ баспасөз қызметі ұсынды 





Яндекс.Метрика