Өңірлер

Бас прокуратура ШОБ субъектілеріне бағытталған 10 мың тексеруді тоқтатты

Мораторий басталуы барысында Бас прокуратура Жарлыққа жататын шағын және орта бизнес субъектілерінне бағытталған 10 мың тексерудің тоқтатылуын қамтамасыз етті, деп құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті хабарлады.
Астана қаласы27 Шілде , 10:02

Жалпы осы жылы 40 мыңнан астам кәсіпкер тексеруден босатылатын болады, мұның елімізде бизнестің дамуы жағдайын елеулі түрде жақсартатыны сөзсіз.

Заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін бас прокуратура қосымша шаралар қабылдап, орталық мемлкеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға Жарлықта атап көрсетілген тексеру тағайындау тәртібі туралы арнайы Нұсқау жіберді.

Мораторий күшіне кіргеннен бері прокуратура органдары  кәсіпкерлердің өздерінің бастамашылығына және қаржы ұйымдарының тексерулеріне  байланысты шағын және орта бизес субъектілерін 1 561 тексеруін тіркеді, шағын және орта бизнес субъектілеріні қатысты Президент Жарлығына сәйке келмейтін 16 тексеріс тоқтатылды. Олардың 6-ы ауыл шаруашылығ органдарына, екі екіден ТЖ мен тұтынушылар құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау мен  су ресурстары, бір бірден көліктік бақылау, жер ресурстары, атом энергетикасы, еңбек және әлеуметтік қорғау органдарына қатысты.

 




Яндекс.Метрика