Өңірлер

СҚО ӘД алқасында Стратегиялық жоспарды орындау барысы талқыланды

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы, 2 жартыжылдықтың өзекті тапсырмалары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінде аудандық әділет басқармаларының, бөлім басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, деп хабарлайды ҚР ӘМ.
Солтүстік Қазақстан26 Шілде , 15:08

Алқа отырысы нәтижесі бойынша Департамент басшысымен 2011-2015 жылдарға арналған Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарын орындауды қамтамасыз  етуге қатысты тапсырмалар қатары анықталды. Бұл тіркеуге түскен нормативтік құқықтық актілерге сапалы құқықтық сараптама жүргізу  ондағы, азаматтық хал актілерді тіркеуді барынша электронды түрде  жүргізу және т.б.

Министрліктің, департаменттің веб-сайтына ұсынылатын ақпараттардың сапасына, әкімшілік өндірістік іс жүргізу бойынша жұмысты  жандандыруға, электронды форматта нотариалдық куәландырылған шарттар негізінде туындайтын құқықтарды тіркеу мәселелері бойынша облыстың нотариустерімен тиісті жұмыс жүргізуге басты назар аударылды. 

Кеңейтілген алқа отырысы өткізілгеннен кейін департамент қызметінің барлық бағыттары бойынша әділет басқармаларының бастықтары мен қызметкерлері үшін семинарлар ұйымдастырылды.




Яндекс.Метрика