Өңірлер

БҚО Ақжайық ауданында жарты жылда 1733 кәсіпкерлік субъекті құрылды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында жарты жылда 1733 кәсіпкерлік субъектісі құрылды, бұл өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 6,4% артық, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Батыс Қазақстан26 Шілде , 14:33

Сонымен қатар ауданда шаруа қожалықтары 11,9%-ға, жеке кәсіпкерлер саны 2,9%-ға көбейді. Ауданда қазіргі таңда шағын кәсіпкерліктердің 341 нысаны жұмыс істеп тұр. Осы салада 306 жаңа жұмыс орны ашылып, қазіргі таңда жалпы бұл секторда еңбек ететін адам саны 3199-ға жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,6% артық. Биыл өндірістік өнім көлемі 1,9 млрд теңгеге жетіп, былтырғыдан 15,8% көбейді.

Сонымен қатар Ақжайық ауданында биыл 7 инновациялық жобаға 11 млн теңге бөлінді.




Яндекс.Метрика