Өңірлер

Маңғыстау облысында сумен қамтуға инвестиция салу бойынша жиын өтті

Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаев «Empereal» компаниясы басқарушы директоры Манож Дивакаранмен кездесті. Компания суды тұщыландыру технологиясымен, күн және электр энергиясын шығарумен айналысады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Маңғыстау26 Шілде , 12:34

«Empereal» компаниясының ұсынысы бойынша суды тұщыландыру технологиясы, күн және термалды энергияға негізделген электр энергиясын шығаратын модульді құрылғы салу қажет.  Мұндай бір зауыт қуаттылығына байланысты шамамен 12-15 айда салынады. Тәулігіне бұл нысандар 10 млн литр су мен 150 мегаватт электр қуатын шығармақ. Жобаның құны 85,5 млн доллар.

«Біз Маңғыстау облысын таңдауымыздың бір себебі өңірдің күн көзінің белсенділігінде жатыр. Мұндай инвестициялық жобаларды біз әлемнің 9 елінде жасадық. Біздің басты мақсатымыз – өңірдегі экологиялық қатердің алдын алып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу. Біздің тағы бір артықшылығымыз – біз алдағы 20-25 жылда Үкімет тарапынан бекітілген тарифті ұстап тұруға кепілдік береміз. Өздеріңіз де байқағандай, жоба ұзақмерзімді. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жер телімін жалға алып, инвестиция тартамыз, 20 жыл бойы салынған зауытты өзіміз басқарамыз. Кейін оны мемлекет меншігіне қайтарамыз», - дейді Манож Дивакаран.

Айта кету керек, өңірдегі жобаның іске асырудағы бір шарты баламалы қуат көздерін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның тізіміне енгізу, жер телімін беру мен қазіргі электр желілеріне жалғау.   

«Маңғыстау облысындағы алыс елді-мекендерді таза ауыз сумен қамту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Сіздер секілді инвесторлардың осы жағдайды түсініп, жобаны іске асыру бойынша нақты ұсыныспен келгендеріңіз көңіл қуантады. Менің ең көп ойлағаным өңірдің тұрғындары үшін сіздердің салған зауыттарыңыздың салынуындағы экономикалық тиімділік болып отыр. Бұл мәселені индустриялды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп қарауды тапсырамын», - дейді.  




Яндекс.Метрика