Мәдениетті жаңғырту

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада билеу турнирі өтеді

Алғаш рет Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада билеу бойынша халықаралық «Kazakhstan open 2014» турнирі өтеді, деп хабарлайды елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Астана қаласы26 Шілде , 15:47

26-27 шілде күні Қазақстанда алғаш рет Астанадағы «Тәуелсіздік сарайында» мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада билеу бойынша Халықаралық Паралимпиада комитетінің қолдауымен халықаралық «Kazakhstan open 2014» турнирі өтеді.

Айта кету керек, аталмыш турнир лицензияланған және 2014 жылдың 18-24 қазаны аралығында Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтетін Азия Паралимпиада Ойындарына лицензия алуға мүмкіндік береді.  

Турнирге Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Ресей, Беларусь, Татарстан, Гонконг пен Қазақстанның 5 өңірінің (Тараз, Қарағанды, Қостанай, Астана, Шымкент) бишілері қатысады.

Жарыс екі күнге созылады. Шараның бағдарламасына еуропалық және латын америкалық би түрлері енгізілген. Қазылардың арасында Ресей, Жапония, Германия, Қазақстан, Гонконг, Оңтүстік Корея мен Австрияның танымал мамандары бар. 




Яндекс.Метрика