Өңірлер

Қызылорда облысы бюджетіне шамамен 12 млрд теңге салықтық төлемдер түсті

Қызылорда облысы бойынша белсенді шағын және орта бизнес субъектілернің саны 24 858-ге жетіп, олар 2014 жылдың бірінші жартясында бюджетке 11,9 млрд теңге салық төледі, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Қызылорда26 Шілде , 12:03

Сонымен қатар облыс бюджеті 6 айдағы жоспарлы көрсеткіштің 102,6%-ына толықты. Соның ішінде табыс бөлігі 113,3 %, ал игеру көрсеткіші 98,3 % құрады.

Өңірде қазіргі таңда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі қарқынды даму үстінде. Бүгінде өңірдегі 34 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында 25 953 студент білім алуда.  

«Облыс басшылығы тарапынан алғаш қолға алынған еңбек ресурсыныңі тепе-теңдігі алдағы он жылға нақты он шақты мамандықтағы сұранысты болжауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңба облыстың осынау тәжірибесі өзге өңірлерде де пайдаланылуда», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика