Өңірлер

Алматы облысында жарты жылда 277 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді

Алматы облысында 2014 жылдың қаңтар-шілде айы аралығында аграрлы сектордағы жалпы өнім көлемі 102,7 млрд теңгеге, өнеркәсіптік өнім көлемі 277,1 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың төрағалығымен өткен бірінші жартыжылдық қорытындысына арналған жиында айтылды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Алматы26 Шілде , 10:59

Сонымен қатар облыста 20 жаңа нысан ашылып, 8 нысан өздерінің өндірістік қуаттылықтарын арттырды, нәтижесінде 941 жұмыс орны ашылды.

Облыс басшысы жиында өңірде су ресурстарын тиімді пайдалану мен жердің өндірістік қуаттылығын арттыру мәселесіне тоқталды.

Әкім аудан мен қала басшыларына суармалы желілердің коммуналдық меншікке өтуі мен суармалы технологияны пайдаланау мүмкіндігін кеңейту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. 




Яндекс.Метрика