Өңірлер

Мемлекеттің үлесі мен акция пакеті бар сегіз ЖШС мен АҚ-ның сату бағасы белгіленді - ҰКП

2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасы аясында ҚР Республикалық мүлікті заңдастыру бойынша комиссияның отырысы өтті. Келелі кеңеске ведомство басшылары мен өкілдері және ҰКП мүшелері қатысты.
Астана қаласы25 Шілде , 17:47

Алқа мәжілісінде тәуелсіз бағалаушылардың есебі тыңдалды. Онда мамандар жекешелендіруге жіберілетін нысандардың құнын, жекешелендіру тәртібін, сатып алу түрлерін және мемлекеттің үлесі мен акция пакеті бар сегіз ЖШС мен АҚ-ның сату бағасы атап берді, деп ҚР ҰКП хабарлады.

Комиссияның шешімі бойынша,  «Би-Логистикс» АҚ-дағы, «Қазақ спорт және туризм академиясы» АҚ-дағы,  «Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институты» ЖШС-дағы, «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС-дағы және «Нысандар мен көліктерге қызмет көрсету дерекциясы» ЖШС-дағы мемлекеттің үлесі мен пакет акциялары электронды аукционға шығарылады.

Ал, «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС-ның, «Қазаэрожоба»АҚ-ның, «Қазақ  энциклопедиясы» ЖШС-дағы мемлекеттің үлесі пен акция пакеті коммерциялық тендірге шығарылады. Сонымен қатар, компанияларды сату барысында олардың негізгі қызметін 5 жыл бойынша ұстап қалу және келісім шартқа отыру мүмкіндігін сақтау қалу шарттары қойылады. Ал, компаниялардың жылжымайтын мүлкіне келетн болсақ, ол да тікелей жауапты органдардың қағаз жүзінде рұқсат берумен саудаға шығарылады.




Яндекс.Метрика