Өңірлер

Ақтөбе облысындағы көрме-конкурсқа 20 кәсіпорын қатысты

Бүгін Ақтөбе облысы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік көрме-конкурсы өтті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Ақтөбе25 Шілде , 19:03

«Қазақстанның үздік тауары» атты көрме-конкурстың негізгі мақсаты -  кәсіпорындар мен ұйымдардың отандық өнімдердің сапасын арттыруға бағытталған; Қазақстан нарығын жоғарысапалық және бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтуға ықпалдастық ету және халық арасында сапа идеясын көпшілікке тарату болып табылады.

Көрме-конкурсы  сайысы үш номинация бойынша өткізілді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». 

Осы көрме-конкурсқа облыстың 20 кәсіпорыны және жеке кәсіпкерлері қатысты.

Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға жолдама алды. 




Яндекс.Метрика