ҚР ИИДМБ

Ақмола облысының кәсіпорындары жарты жылда 129,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді

2014 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында аймақтағы кәсіпорындар 129,8 млрд. теңгеге өнім өндірді, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Ақмола25 Шілде , 19:18

Айта кетерлік жайт, Ақмола облысының Индустриаландыру  картасына жалпы құны 717 млрд. теңге болатын 63 жоба енгізілген. Олардың арқасында 30 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады. Ал, республикалық Индустриализация картасына құны 461,1 млрд. теңге болатын - 2 жоба кіргізілді.

Бүгінде 105,3 млрд. теңге  44 жоба жүзеге асырылып,  4,7 мың жұмыс орны ашылды.

Ал, 2014 жылы 95 млрд. теңгеге 15 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның аясында 1531 жұмыс орны ашылады  деп күтілуде.

 

 

 




Яндекс.Метрика