Ұлттың денсаулығы

Астанада Кардиохирургтардың конгресі өтеді

2014 жылдың 29-30 тамызында Астана қаласында Кардиохирургтардың ІІІ Ұлттық конгресі өткізіледі, деп денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.
Астана қаласы25 Шілде , 17:01

Конгрес мақсаты – кардиохирургия саласындағы ғылымның озық жетістіктерін талқылау, тәжірибе және пікір алмасу үшін әлемнің түрлі елінің кардиохирургтарының басын қосу болып табылады.

Конгресс Назарбаев университетінің қолдауымен алғаш рет Кардиоторакалды хирургтардың бүкіләлемдік қауымдастығы (WSCTS) және АҚШ-тың Чикаго университетімен ынтымақтаса отырып өткізіледі.

Конгресс бағдарламасына әлемнің жетекші кардиохирургтарының 40-тан аса баяндамасы, ересектер және балалар кардиохирургиясы, аритмология, мейірбике ісі бойынша мастер-кластар кіреді. Кардиоторакалды хирургтардың бүкіләлемдік қауымдастығының (WSCTS) жеке сессиясы ұйымдастырылып, жетекші кардиохирургтар өз тәжірибелері мен білімдерімен бөліседі.

Жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігін және балалар мен ересектердегі туа біткен күрделі жүрек ақауын емдеудегі ілгерілеуге, гибридті технологиялардың дамуы мен заманауи кардиохирургияның басқа да көкейтесті сұрақтарына көңіл бөлінеді. 

 

 




Яндекс.Метрика