Білім беру

Колледждерге өз білім беру бағдарламасына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі – ҰКП

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Дуалды оқытуды енгізудің жол картасына енгізілген колледждердің «қолдарын ұзартуды» ұсынып, білім беру бағдарламасына өз беттерімен өзгеріс енгізу мүмкіндігін беру керектігін айтты, деп хабарлайды ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.
Астана қаласы25 Шілде , 16:43

«Ұзақ уақыттар бойы колледждерде білім беру стандарттарын теориялық және практикалық бөлімге негізделген уақыт арқылы анықтау жолы пайдаланылды. Бұл стандарт білім ордаларының оқыту бағдарламаларына қандай да бір өзгерістер енгізуіне жол бермеді. Оқыту стандарттары кәсіпкерлік талаптарына әрқашан жауап бере бермейді. Яғни, кәсіпкерлік бір маманды талап етсе, білім ордалары басқа бір кадрды дайындап шығарады», - дейді.

Сонымен қатар, ҰКП төрағасының орынбасары ҚР БҒМ-мен бірлесіп қыркүйекте Үкіметке енгізілетін 17 нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізді.

Оның айтуынша, аталмыш өзгерістер ҚР ҰКП, ҚР БМ мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында құрылған Меморандум аясында енгізілген. Құжат сонымен қатар «Білім беру туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

«Қазіргі таңда кәсіпкерлік маман тапшылығын тартуда. Соның ішінде орта деңгейдегі мамандардың жетіспеушілігі көзге ұрып көрініп отыр. Біз осы орайда Дуалды оқытуды енгізудің жол картасына енгізілген колледждердің «қолдарын ұзартуды» ұсынып, білім беру бағдарламасына өз беттерімен өзгеріс енгізу мүмкіндігі беру керектігін айттық. Осылайша мемлекеттік орган жүйесін барынша ыңғайлы ету керек», - дейді.

Әлтаевтың айтуынша, нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізгеннен кейін техникалық оқыту саласында оң жаңалықтар байқалмақ.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика