Ұлттың денсаулығы

Таразда ауыл жастарының спорттық ойындары өтеді

Таразда 6-10 тамыз аралығында ҚР ауыл жастарының II спорттық ойындары өтеді, деп спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік хабарлады.
Жамбыл25 Шілде , 19:41

Жарысқа 1997-1999 жылдары туған ауыл жастары қатысады, шарада спорттың 9 түрі бойынша 46 медаль қойылады.

Тараздың спорт ареналарында волейбол, мини-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, асық ату, үстелдік теннис, таеквандо, жазғы Президенттік күрес бойынша ақтық мәре өтеді.

Айта кетерлігі, Қазақстанның барлық 14 аймағында іріктеу кезеңдері өтті.

Шараны ұйымдастырушылар ҚР спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік пен Жамбыл облысының әкімдігі. 




Яндекс.Метрика