Инфрақұрылымның дамуы

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының экономикалық тиімділігі 33 млрд теңгені құрайды - ККМ

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының жүзеге асырылғаннан кейінгі экономикалық тиімділігі 33 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пшембаев мәлім етті.
Астана қаласы25 Шілде , 16:31

«Бұл ретте  Дүниежүзілік банктың мәліметтерін атап өтсе болғаны, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының жүзеге асырылғаннан кейінгі экономикалық тиімділігі 33 млрд. теңгені құрайды. Бұл көлік дәлізін дамыту және іске қосу өндіру кешенін және шағы және орта бизнестің дамуына тиімді әсер ететін болады», - деп сендірді М. Пшембаев.

Сонымен қатар, ол, Қызылорданы айналып өтетн жол бойында көпір салынады және ол сырдарияның екі жағалауын жалғастырады, деп ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2010-2013 жылдары халықаралық дәліздің 1727 шақырымында құрылыс жұмыстары аяқталып, жол ашылған болатын.  Ал,  2014 жылдың соңына дейін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің тағы 157 шақырымында жол ашылады. Бүгінде 1345 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, жоба 2015 жылы аяқталады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика