Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Дуалды оқыту бойынша 400 кәсіпорын үшін 10 мыңнан астам маман дайындалуда

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Дуалды оқытуды енгізудің жол картасын таныстырды.
Астана қаласы25 Шілде , 15:51

«Осы бағдарламаға сай 2014-2016 жылдары 170-тен астам колледж 400 кәсіпкерлікке арнайы 83 мамандық түрі бойынша 10 мыңнан астам маман дайындайды. Оқыту, қайта даярлау, біліктілік арттыру мен мамандарды сертификаттау жұмыстарын да оқу ортылықтары мен кластерлер жүргізетін болады», - дейді ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Айта кету керек, Дуалды оқытуды енгізудің жол картасы өңірдің 11 басым саласынан тұрады.

Әлтаевтың айтуынша, бүгінгі таңда кәсіпкерліктер, колледждер мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасындағы үшжақты және төртжақты келісімдерді құру процестері басталып кетті. Нәтижесінде республика бойынша 100-ден астам келісімшарт құрылды.

«Кәсіпкерлік мамандарын дайындау барысында білім беру процесіне белсенді араласады. Олар оқушылардың оқу уақытының 60 пайызын тәжірибе мен жұмыста өткізуі үшін тәжірибелік алаң ұсынады. Осы орайда кәсіпкерлік студенттердің стипендиясын төлеуді де мойындарына алып отыр. Ең бастысы оқу біткеннен кейін жұмыспен қаматамасыз етілу», - дейді.

Жол картасында 2015-2019 жылдарға арналған өңірлердің үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобалары мен облыстардың әрқайсысы бойынша басым салалар енгізілді.

Сонымен қатар, ҰКП Білім және ғылым министрлігімен және халықаралық неміс «GIZ» қауымдастығымен бірлесіп зерттеу жұмыстары аясында 4 өңірдің кәсіпкерліктері мен колледждерінде дуалды оқытуды енгізбекші.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика