Инфрақұрылымның дамуы

Елде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі аясында туннель салынады

Қазақстанда алғаш рет «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі аясында туннель салынады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пшембаев мәлім етті.
Нұр-Сұлтан25 Шілде , 16:02

«Бізде алғаш рет Қазақстанның шекарасында туннель салынатын болады. Құрылыс жүргізіп жатқан компания туннель салу дұрыс деп шешіп отыр. Қазіргі таңда Жамбыл учаскісінде жұмыстар аякталып келеді. Сонымен қатар, «Алматы - Құрылыс» учаскісінде де жұмыстар бітуде», - деді М. Пшембаев.

Сонымен қатар, М.Пшембаев атап өткендей, көлік дәлізінің құралысы бірқатар құрылыс материалы өндірісін жандандыруға септігін тигізді. Болашақта олардың бірқатары бойынша тауар импортын тоқтату жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2010-2013 жылдары халықаралық дәліздің 1727 шақырымында құрылыс жұмыстары аяқталып, жол ашылған болатын.

Ал,  2014 жылдың соңына дейін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің тағы 157 шақырымында жол ашылады. Бүгінде 1345 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

 




Яндекс.Метрика