Инфрақұрылымның дамуы

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің 1400 шақырымына цемент-бетон жамылғы төселеді

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің 1400 шақырымына цемент-бетон жамылғы төселеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі Мереке Пішембаев мәлім етті.
Астана қаласы25 Шілде , 15:46

«2014 жылдың соңына дейін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің тағы 157 шақырымында жол ашылады. қазіргі уақытта 1345 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, жұмыстар бес өңірде жүріп жатыр. Онда 35 мыңнан астам еңбек етуде.

«Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша Ақтөбе облысында жұмыстар аяқталды, Қызылорда облысында биыл 812 шақырым салынып бітеді. Биылғы жылы Шымкен-Ташкент учаскесінде жұмыстар басталды, құрылысты дүниежүзілік банк қаржыландыруда. Жамбыл облысы бойынша Шымкент пен Тараз арасындағы учаске салынып жатыр. Биылғы жылы Жамбыл облысындағы Қордай маңындағы жолдың құрылысы аяқталады», - деді Мереке Пішембаев. 

2010-2013 жылдары халықаралық дәліздің 1727 шақырымында құрылыс жұмыстары аяқталып, жол ашылған болатын. 

Оның айтуынша, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің жалпы ұзындығы 2787 шақырым, оның 2452 шақырымы қайта салынады. Халықаралық көлік дәлізі 2015 жылы салынып бітеді деп жоспарланып отыр. 

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика