Өңірлер

«Даму» қорының қызылордалық бөлімі жарты жылдық жұмыс қорытындысын шығарды

2014 жылдың басынан бері Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиенің пайыздық үстемесін субсидиялау бойынша 2 млрд 428 млн теңгенің 31 жобасы мақұлданды. Бұл туралы «Даму» қорының директоры Жансұлтан Матаев қордың өңірлік қызметіне қорытынды жасай келе мәлімдеді.
Қызылорда25 Шілде , 15:19

Оның айтуынша, өңірде кепілдік мүліктің жетіспеушілігі жағдайында да екінші деңгейлі банктерден кәсіпкерліктердің несие алу мүмкіндіктерін ұсынатын несиені кепілдендіру бағдарламасы өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. 2014 жылдың басынан бері кепілдендіру бағдарламасы аясында 189 млн теңгенің 16 жобасына қол қойылды. Қордың жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктерге берген кепілдігінің 50 пайызын 9 кәсіпкер алған болса, ал жекелеген кепілдендірулер бойынша облыстың 7 бастауыш кәсіпкері кепілдендірудің 70 пайызға жуық мүмкіндігін пайдалана алды.  

Сонымен қатар, Матаевтың айтуынша, «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша жыл басынан бері Қызылорда облысының 553 тұрғыны оқып, олардың арасына бастауыш және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер қатысты. Сертификат оларға мемлкеттік қолдау аясында «Даму» қорынан кепілдік пен қайтарымсыз несие алу мүмкіндіктерін береді.  

«Бизнесмендердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру үшін биылғы жылдың 7 шілдесінен бастап жұмыс істеп бүгінгі таңда шағын және орта бизнестің 37 өкілін оқытып шығарған «Бизнес-Кеңесші 2» оқыту жобасы белсенді жұмыс істеуде. Семинарлар өткізу үшін Алматы жоғары басқару мектебінің консалтингтік компаниясының тәжірибелі бизнес-тренерлер тартылды. Жыл соңына дейін «Даму» қорының өңірлік бөлімшесі жоба аясында 160 жергілікті кәсіпкерді оқытуды жоспарлап отыр», - дейді бөлімше директоры.  

Ақпан айынан бастап облыстың халыққа қызмет көрсету орталықтарында қор кеңесшілері мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері тегін сервистік қызмет көрсете бастады. Қазіргі таңда 2604 қызылордалық маркетинг, бухгалтерия, мемлекеттік сатып алу мен заң қызметі бойынша 3251 иегін қызмет алды.




Яндекс.Метрика