Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

ИНФОГРАФИКА: «Саламатты Қазақстан» - 2012 жылғы желтоқсан айының қорытындысы (IV бөлім)

«Стратегия 2050» ресми сайтында «Саламатты Қазақстан» - 2012 жылғы желтоқсан айының қорытындысы (IV бөлім) инфографикасын ұсынады.
Казахстан 18 Қаңтар, 00:00

«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын іске асырудың арқасында республикада амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі жетілдірілуде.

Сонымен, 2012 жылдан бастап науқастардың жекелеген санаттары мемлекет есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеу үшін жергілікті бюджеттен 23 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. 300-ден аса елді мекенде жылжымалы медициналық-құтқару қосындарының нысандары арқылы дәрі-дәрмек сату ұйымдастырылды.





Яндекс.Метрика