Өңірлер

Келер жылы қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеу бірнеше есеге өседі – Айтпаева (Брифинг бейнебаяны)

Үстіміздегі жылдан бастап қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеу бірнеше есеге өседі, бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева мәлімдеді.
Астана қаласы 25 Шілде, 13:08

«2014 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы Қылмыстық-атқару, Қылмыстық-процессуалды кодекс пен әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне қол қойды, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап оларды қолдану жүзеге асады. Келер жарты жылдықтың басты мәселесі – барлық құқықтық жүйе мен нормативті базаның жаңа тәртіпте жұмыс істеуіне бейімделуі», - деді Айтпаева.

Ол атап өткендей, Бас прокурор мен мемлекеттік орган жетекшілері бірыңғай мемлекеттік жоспардың орындалуы және 2015 жылдың 1 қаңтарында жаңа жүйенің енгізілуіне орай кеңес өткізді.

«Ведомство жетекшісі ретінде толыққанды құқықтық статистиканы әзірлеу мақсатында атап өткім келеді, қылмыстық құқықбұзушылықтың тіркелуі бірнеше есеге көбеюі мүмкін. Ол әкімшілік құқықбұзушылықтың қылмыстыққа көшуіне байланысты болмақ. Біз жылына 360 мың қылмыс тіркелді деп айтатын болсақ, ендігі жылдан бастап бұл көрсеткіш 1 млн-ға жетуі мүмкін. Азамат тапсырған кез келген хат БСЗЖ жіберілетін болады. Ол бойынша бірден қылмыстық іс қозғалады», - деді ол.

Оның айтуынша, жаңа ақпарат елдегі криминологиялық жағдайдың ушығуын айтпайды. Бұл қылмыстық процесстің процедурасының өзгеруіне байланысты.

 





Яндекс.Метрика