Өңірлер

Қазақстанда ШОБ нысандарын тексеру саны 60 %-ға қысқарды (ФОТО)

Бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрайымы Сәуле Айтпаева Қазақстанда ШОБ нысандарын тексеру саны 60 %-ға қысқарғандығын айтты.
Астана қаласы 25 Шілде, 12:47

«Мемлекет басшысы бизнесті қорғау бойынша Президент Жарлығын қабылдады. Әкімшілік кедергілерді жою үшін және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау тазалығын қамтамасыз ету үшін біз инновациялық технологияларды қолданып бақылау  жүргізудеміз», - деді ол,

Оның айтуынша, ағымдағы жылы тексерулер 85 мың немесе 60 пайызға қысқарды. Тіркелген тексерістердің азаюы ағымдағы жылдың 2 сәуірінде енген шағын және орта бизнеске мораторий жариялауға  тікелей байланысты. Ол қатаң қадағаланып отыр.

Мораторий бойынша прокуратура органдары 10 мыңға жуық тексерісті қысқартты. Мораторий басталғалы бері республикада 1561 тексеріс тіркелді, оларды қаржы ұйымдары мен кәсіпкерлер өз қалауымен қажет етті.

«Біздің тараптан 16 тексеру жүргізу актіне тойтарыс берілді. Заңсыз фактілерге байланысты прокуратуралық шаралар қолданды, қадағалау органдарының 15 қызметкерімен 8 мыңға жуық кәсіпкер жазаға тартылды. 623 заңсыз тексеріс анықталып жойылды», - деді Айтпаева.

Фото-Азамат Алиев 





Яндекс.Метрика