Өңірлер

Ақтөбе облысында жылына 5 млн тонна мыс рудасы өндіріледі

Ақтөбе облысында қазіргі таңда жылына 5 млн тонна мыс және мыс-мырыш рудасы өндіріледі, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақтөбе25 Шілде , 15:03

Әкімдіктің хабарлауынша, ЕАЭО құру туралы шешім Қазақстан мен Ресей Үкіметінің арасындағы «Весенне-Аралшы» кен орнындағы мыс рудасын өндіру кезіндегі шекаралас аймақтарда шаруашылық қызметтерді іске асыру ерекшеліктері туралы келісімді құру процесін жеделдетті.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Ақтөбе облысында ресейлік капиталдың қатысуымен бірқатар ірі халықаралық инвестжобалар іске асырылуда.

«Ресей мыс тобы» (РМТ) «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС арқылы Хромтау ауданында мыс-мырыш рудаларының кен орнындарын кешенді игеру мен өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Осының арасында Қазақстанның кен өндірісінде жаңа қуатты мыс-мырыш саласы іске қосылды.

Ауданда «Ақтөбе мыс компаниясы» «Қазанның 50 жылдығы» мен «Приорск» мыс рудаларының кен орындарында жұмыс істеп жатыр. «Құндықды», «Лимонное» кен орындары мен Весенно-Аралшының «Аралшы» учаскісі жобалау мен дайындау кезеңдерінде.

«Қазіргі таңда жалпы өндіріс жылына 5 млн тонна мыс және мыс-мырыш  рудасына жетті. Өндіріліп жатқан мыстың көлемі шамамен жылына 60 мың тонна, ал мырыш  шамамен 40 мың тонна», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика