Адами капитал

Шетелдік сарапшылар қазақстандық педагог-психологтарды отбасылық тәрбие беру әдістеріне үйретеді

1 тамызда Астанада Отбасылық тәрбие бойынша орта және мектепке дейінгі оқыту мемлекеттік ұйымдарының педагог мамандарының біліктіліктерін арттырудың IV республикалық жобасының III легі басталады.
Нұр-Сұлтан25 Шілде , 14:48

Отбасылық тәрбие институты баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға қатысушылар ретінде республиканың барлық өңірінен әлеуметтік және мектепке дейінгі қызметкерлері мен психологтар және педагогтардан құралған 308 адам тіркелген. Айта кету керек, аталмыш жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Отбасылық тәрбие институты тарапынан ұйымастырылуда. Біліктіліктерін арттыруға жөнелтілген педагогтар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша оқытылады. Оның авторы профессор, педагог-психолог С.Л.Евдокимова. Курс 835 сағаттан тұрады.

«Тыңдаушылар отбасылық тәрбиенің халықаралық тәжірибесімен танысып, отандық және шетелдік әдістердің айырмашылықтарын сараптамадан өткізеді. Кейбір мәселелердің шешімінде жаңа әдістер іздестіріп, Балтық маңынан келген мамандармен жан-жақты тәжірибе алмасады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Отбасылық тәрбие институты халықаралық деңгейде отбасы және отбасылық кеңес мәселелері бойынша алдыңғы қатарлы мамандарды тарту жұмыстарын жалғастыруда. Астанаға осы мақсатта отбасымен тәжірибелік жұмыс саласында айтарлықтай тәжірибеге ие 14 үздік маман келеді. Олар бірқатар оқулықтар мен монография авторлары болуымен қатар отбасы мәселелеріне қатысты Халықаралық қауымдастық мүшелері.




Яндекс.Метрика