Білім беру

Жас геологтардың қазақстандық ашық далалық олимпиадасына 5 елдің 300 баласы қатысады

2014 жылдың 1 тамызында орталығында Жас геологтардың ІІІ Қазақстандық ашық далалық олимпиадасының ресми ашылу рәсімі өтеді, деп индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде хабарлады.
Алматы25 Шілде , 14:32

Олимпиадаға  Қазақстан өңірлерінен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан  мен Тәжікстаннан барлығы үш жүзге жуық бала қатысады.   

Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаттары мен міндеттері  жастарды кәсіптік бейімдеу, білім алушылардың геологиялық  ғылымдарды зерттеуге қызығушылығын арттыру, геологияның  қолданбалы маңызы мен оны ғылым ретінде насихаттау, дарынды  балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

Жас геологтардың олимпиадасын Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ұйымдастырады.  

 




Яндекс.Метрика