Евразиялық одақ

ЕАЭО – жаңа мүмкіндіктің ашылуы - Е. Рахымбаев

Еуразиялық экономикалық одақ бізге тағы бір тыныс жолын ашты деп білеміз, соны пайдалануға өзіміз де ұмтылатын боламыз, деді «Экотон-Батыс» ЖШС бас директоры Ерболат Рахымбаев.
Казахстан25 Шілде , 11:49

Серіктестіктің жылу ұстағыш газды  бетон бұйымдарын шығаратын зауытына Германияның  «ITONG» фирмасының бірегей технологиясы орнатылған. Озық технологияға негізделген өндірістің өнімділігі өз алдына, жұмыс процесі жеңілдетілген, қол еңбегі жоққа тән.

«Бір тиімділігі, облыс аумағында газды бетон шығаруға қажетті кварц құмы, әк және басқа материалдар жеткілікті. Мұнда тек алюминий ұнтағы ғана Ресейден жеткізіледі. Кәсіпорында шығарылатын газды бетон блоктары бәсекеге қабілетті, халықаралық стандарттарға толық жауап береді. «Экотон-Батыс» ЖШС өздерінің құрылыстық газды бетон блоктарын негізінен Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына өткізеді. Сондай-ақ, соңғы кездері серіктестік өнімдеріне Ресейдің көршілес

Орынбор облысынан да сұраныс жоғары болып отыр», - деді ол.

Ол атап өткендей, «біз өз өнімдерімізді бұған дейін Ресейдің  іргелес аймақтарына жеке тапсырыстар бойынша шығарып келген болатынбыз. Биыл Орынбор қаласынан өкілдігімізді аштық. Өкілдік біздің газды бетон блоктарымызды заңды тұлғаларға өткізумен айналысады. Зауыт жылына 198,0 мың текше метр газды бетон өнімдерін шығарса, соның 30 мың текше метрін, яғни өндірілген өнімнің 15-20 пайызын Ресей нарығына шығару жолдарын қарастырудамыз. Қазір айына 5 мың текше метр газды бетон бұйымдарын Ресейге өткізіп келеміз. Әрине, олардың осындай өнім шығаратын жиырмадан астам  зауыттары бар. Біз солармен бәсекелестікте озып шығуымыз керек. Сондықтан біз өнім сапасын басты назарда ұстаудамыз. Өнімдеріміз өзіміздің зертханамызда тексеруден өтеді, ақауға жол берілмейді.  Еуразиялық экономикалық одақ шартына қол қойылуы бізге өнімдерімізді экспортқа шығаруға тың тыныс берді. Бұл бағытта бұрынғыдан гөрі еркін қимылдай бастадық».

 




Яндекс.Метрика