Өңірлер

Қарағанды облысында мемлекеттік бюджетке 121,3 млрд теңге кіріс түсті

Қарағанды облысында Индустриализация картасының шеңберінде 2014 жылы 1343 жаңа жұмыс орындарын құрумен 51,7 млрд. теңге сомасына 11 жоба іске асырылды (2013 жылы 5,8 млрд. теңге сомасына 10 жоба, 455 жаңа жұмыс орны құрылды).
Қарағанды25 Шілде , 11:33

Облыс бюджеті 2014 жылдың 1 шілдегі жағдайы бойынша 245,6 млрд.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 51,4%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 136,3 млрд. теңге бағытталды (55,5%), олардан білім беруге – 69,1 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 39,1млрд. теңге. Мемлекеттік бюджетке 121,3 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті (болжамға 104,3%).

Негізгі капиталға инвестициялар 157,8 млрд. теңгені құрап, оның ішінде 61,8% - инвестициялар кәсiпорын, ұйым және халық қаражатының есебінен, 15,2% - бюджет қаражаттары есебінен, 12,4% - қарыз қаражаттары есебiнен, 4,3% - шетелдiк инвестициялар есебiнен игерілді.

Ауыл шаруашылығында 40,4 млрд. теңге көлемінде жалпы өнім өндірілді немесе 2013 жылдың деңгейіне 3,2% ұлғаю.

Қара ірі мал басы 7,3%, қой мен ешкі басы 7,3%, жылқы 13,3%, құс басы 11% артты. Ет өндіріс – 3,7%, сүт – 0,4%, жұмыртқа – 10,4% артты.

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 684 млрд.теңге немесе 2013 жылдың деңгейіне 100,8% құрады.

Индустрияландыру Картасының 435 жаңа жұмыс орындарын құрап отырып, жалпы құны 18,9 млрд.теңгені құрайтын 4 жобасы іске қосылды.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында 40,4 млрд. теңге көлемінде жалпы өнім өндірілді немесе 2013 жылдың деңгейіне 3,2% ұлғаю.

Қара ірі мал басы 7,3%, қой мен ешкі басы 7,3%, жылқы 13,3%, құс басы 11% артты. Ет өндіріс – 3,7%, сүт – 0,4%, жұмыртқа – 10,4% артты.

Жұмысқа орналастыру қызметі арқылы 12251 адам жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 4512 адам бағытталды.Жұмыссыздық деңгейі – 0,6%.




Яндекс.Метрика