Өңірлер

Ақтөбе облысында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімі 4,1%-ға өсті

Ақтөбе облысында 2014 жылдың І жарты жылдығын 2013 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстыратын болсақ, ауыл шаруашылығы өнімі 4,1%-ға артып, 38,9 млрд. теңгені құрады, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Ақтөбе25 Шілде , 10:49

Сонымен қатар, аймақта өткен жылмен салыстыратын болсақ, негізгі капиталға инвестиция көлемі 0,2%-ға өсті немесе 173,1 млрд. теңгені көрсетті.

ЖК қызметін есепке ала отырып айтатын болсақ, тауар айналымы 2 576,4 млн тонн/км құрады. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 12%-ға жоғары. Ал, жолаушылар айналымы  6 578,2 млн жолаушы/км жетіп, өсім  4,5% болды.

«Бұдан баста Ақтөбе облысы тұрғындарының ақшалай табысы да артты. Жергілікті жұрттың мамыр айындағы орташа номиналды табысы аймақ бойынша 60 787 теңгені көрсетті немесе 8,5%-ға көбейді. Айта кетерлік жайт, таза табыс көлемі 2,8%-ға  өсті», - деп әкімдіктен атап өтті. 




Яндекс.Метрика