Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан Адам дамуының жоғарғы индексіне ие елдер қатарында

БҰҰ Даму бағдарламасы 2013 жылдың қорытындысы бойынша Адам дамуы туралы жыл сайынғы кезекті баяндамасында Адам дамуының индексі (АДИ) нәтижесін жариялады. Онда 187 ел мен аймақ қамтылған. Қазақстан осы мемелкеттердің арасында АДИ бойынша 70-інші орында, деп хаарлайды Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.
Казахстан 25 Шілде, 09:45

«2014 жылғы баяндама тақырыбы әлсіздікті азайту мен өмір сүру қабілеттілігін арттыру арқылы адамзаттың тұрақты прогресін қамтамасыз етуге арналған», - делінген хабарламада.

Рейтингтің көш басында әдеттегідей Норвегия, Австралия, Швейцария, Нидерланды және АҚШ. Сонымен қатар, Сьерра-Леоне, Чад, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы мен Нигер де алдыңғы орындарда.

Рейтингті анықтау барысында көптеген факторлар ескеріледі. Соның ішінде адам құқығы мен азаматтық еркіндік саласындағы көрсеткіштер мен қоғамдық өмірге араласу мүмкіндіктері, әлеуметтік қамтамасыз етілу, халықтың аймақтық және әлеуметтік мобильділік деңгейі халықтың мәдени даму деңгейі, ақпаратқа қолжетімділігі, денсаулық пен жұмыссыздық деңгейі, қылмыс жағдайы, қоршаған ортаны қорғау мен өзге де көрсеткіштер. Қорытынды рейтингте барлық мемлекеттер 4 санатқа бөлінеді: АДИ өте жоғары мемлекеттер, АДИ жоғары мемлекеттер, АДИ орташа мемлекеттер мен АДИ төменгі деңгейдегі мемлекеттер.

2012-2013 жылдар қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы өткен жылғыдағыдай 70-інші орыннан көрінді. Мемлекеттердің бөлінген санаты бойынша Қазақстан АДИ жоғары деңгейдегі мемлекеттер қатарына кіреді.

Хабарламада айтылғандай, Қазақстан Ресеймен (57) бір топта. Одан кейін Беларусь (53), Украина (83), Түрікменстан (103), Өзбекстан (116), Қырғызстан (125), Тәжікстан (133).





Яндекс.Метрика