Өңірлер

«Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнайды экспорттау көлемі 3 млн тоннаны құрады

2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлесті есептегенде, шоғырландырылған өндіру 6 106 мың тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,2%-ға артық, деп мұнай және газ министрлігінде хабарлады.
Астана қаласы25 Шілде , 09:14

Компания «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) және «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) 2014 жылдың өндірістік жоспарын 8 170 мың тонна (тәулігіне 165 мың баррель) деңгейінде болжап отыр.  

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2014 жылдың алғашқы алты айында 6 106 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден  0,2%-ға артық.

 «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2 627 мың тонна (тәулігіне 107 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 88 мың тонна (тәулігіне 3,6 мың баррель) немесе 3%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 391 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен шамалас. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 4 018 мың тоннаны құрады (тәулігіне 163 мың баррель), бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  2%-ға артық.

 2014 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша тәуліктік өндіру көлемі Компания жоспарына толықтай сәйкес келеді. ҚМГ БӨ 2014 жылға 8 170 мың тонна деңгейінде қабылданған жоспарды ұстанып келеді, оның 5 350 мың тоннасы ӨМГ және 2 820 мың тоннасы ЕМГ үлесінде болмақ. 

 2014 жылдың алғашқы алты айында ӨМГ және ЕМГ мұнайын сатудың экспорттық көлемі 2 938 мың тоннаны (тәулігіне 117 мың баррель) құрады, ал ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 010 мың  тоннаны (тәулігіне 40 мың  баррель) құрады. Компанияның болжамы бойынша, 2014 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа жөнелтетін мұнай көлемі 1,9 млн. тоннаны құрамақ.

 




Яндекс.Метрика