Өңірлер

Бақылау камерасына түсіп қалған 18 құқықбұзушы ел алдында сотталды

Барлық айыпталушылар ұсақ әкімшілік құқық бұзушылаққа бой алдырған.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 18:01

Астанада бір уақытта 18 құқықбұзушының соты өтті. Оның басты ерекшелігі процестің ашық өтуінде.

Ол аз болғандай, сот орта мектептердің бірінде, өзін-өзі тану сыныбында өтті және оған ауданның жағдайына бей-жай қарамайтын тұрғындар  шақырылды.

Айта кетерлік жайт, барлық құқықбұзушылар тіршілік қызметін қамтамасыз ету кешенінің жүйесі арқылы анықталған. Аталмыш жоба пилоттық және ол Қабанбай батыр - Сығанақ - Сауран - Алматы көшелері оралымында жұмыс істейді.

Қалалық ІІД өтініші бойынша бұл аумақта 100-ден астам бейнекамера орнатылды және олар тәртіп сақшыларының көмегінсіз күдікті адамдарды, көлігін дұрыс қоймаған және өзге де ұсақ құқыбұзушылық әрекеттерді тіркеген.




Яндекс.Метрика