Адами капитал

Қазақстанда 800 мың оралман тұрады

Заманауи қазақстандық қоғамда репатрианттарды интеграциялау мемлекеттің салиқалы саясаты болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда 800 мың оралман тұрады.
Казахстан24 Шілде , 18:08

Отандастарды қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама ҚР Президентінің Жарлығымен 1996 жылы және 2005 жылы қабылданды. Кейіннен 2009-2011 жылдары «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданып, этникалық иммигранттардың тұрмысымен орналасуын қамтамасыз етті. Қазіргі таңда елде халықты репатриациялайтын бірде-бір бағдарлама жұмыс істемейді. Сондықтан да оралмандар үшін басты мәселе баспана, орналасу, азаматтық алу, жұмысқа орналасу, тілдік кедергі болып табылады.

Алайда, Үкімет  көші-қон саясатын жетілдіру бойынша істер атқарады. Оның ішіне отандастардың қызығушылығы мен оларды әлеуметтік қорғау енеді.

2014 жылдың 8 шілдесінде шыққан Қазақстан Үкіметінің жаңа Қаулысы бойынша орналастыруға Қазақстанның барлық 14 аймағы кірді. Осыған дейін олар тек 7 облысқа орналастырылған.

Енді жаңа Қаулыға сәйкес, елдің әр аймағына бара алады. 




Яндекс.Метрика