Өңірлер

11 жыл ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспана мәселесін шешуде нақты құралға айналды – А.Медеуова

Қазақстандық тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі 11 жыл ішіндегі қызметімен халықтық баспана мәселесін шешуде теңдессіз құрал екенін дәлелдеді. Бұл туралы бүгін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиелеу процесін қарапайымдату» конференциясында айтылды.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 17:50

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ миссиясы – ҚР барлық өңірлеріндегі халықтың негізгі бөліміне тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету мен тұрғын үй мәселесін жақсарту үшін сапалы банктік жүйесін ұсыну. 11 жыл ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі халықтың тұрғын үй мәселесін шешудегі теңдессіз құралға айналып отыр», - дейді «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық бөлімшесінің директоры және банктік басқарушы директоры Айжан Медеуова.

Өздеріңізге де белгілі, тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі төменгі сыйлық мөлшерлеме бойынша тұрғын үй қарызын алу мақсатында жекелеген жинаққа негізделген механизмді қарастырады.

«Қазақстандық тұрғын үй құрылыс жинағы неміс моделі негізінде жасалынған. Ол өз кезегінде азаматтарды үймен қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың тиімді құралы ретінде өзін өзі дәлелдей білді. Бұл саясат Германияның үй алудағы  қолжетімді жолы болуымен қатар айналасы санаулы жылдың ішінде неміс зейнеткерлерінің жоғарғы өмір деңгейін қамтамасыз етудің ірі  құралы ретінде көрініс тапты. Осы қағида негізінде бүгінгі таңда біздің де банк жұмыс істеуде», - деген пікірлер айтылды конференцияда.  

Айта кету керек, қазіргі таңда «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жылжымайтын мүлікті несиелеу саласында тұрғын үй қарызын беру шарттары мен процедураларын қысқарту шараларын қолға алуда.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика