Өңірлер

egov.kz порталы арқылы банктік операциялар жасау халыққа тиімді –Е. Жамаубаев

Өздеріңізге де белгілі, бір жарым айдан астам уақыт бұрын Қазақстанның электронды үкіметі порталында жаңа қызмет іске қосылды. Онда әрбір адам ғаламтор арқылы депозит салуға немесе банктегі несиесін жабуға мүмкіндік алады.
Астана қаласы24 Шілде , 17:27

«Жүйе жаңадан шыққан дүние емес. Ғаламторды еркін қолдана алатын кез келген кісі электронды үкімет сайтын ашып, сол жерде депозит салуға немесе банктегі несиесін жабуына болады. Ол жерде бар болғаны банктік картасының 16 сандық нөмірі керек», - дейді Е.Жамаубаев.

Сонымен қатар,  басқарушы директор аталмыш қызметтің басты артықшылықтарын атады. Онда ғаламтор қызметінің құны 150 теңгеден әрі аспайтын көрінеді.

«Бұл жүйенің өзіндік артықшылықтары да жоқ емес. Егер кісі банктің өзіне барып төлегенде төленетін соманың 1 пайызы ұсталатын болса, ал осынау жүйеде салынған қаражаттың құнына қарамастан бар болғаны комиссия ретінде 150 теңге ғана төлейді. Бұл әрі оңай, әрі ыңғайлы қызмет түрі», - дейді банктің атқарушы директоры.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика