Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

Қазақстанда жыл соңына дейін қазақ тілін оқытуға арналған тегін интернет портал іске қосылады

Казахстан07 Тамыз , 00:00

«Біз жыл соңына дейін «Qazaqsha - online» жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Әлемнің кез келген түкпірінен қазақ тілін үйренгісі келетін кез келген адам тіркеліп, мемлекеттік тілден сабақ ала алады», - деді Азат Шәуеев. 


Оқу-әдістемелік бағдарламаны әзірлеуге, оның айтуынша, бұрын ағылшын тілділерге арнап осыған ұқсас қазақ тілін қашықтықтан оқыту бағдарламасын дайындаған отандық ғалымдар тартылған. 
Бүгінде техникалық жұмыстардың 50%-ы аяқталған, Қор Алматы ақпараттық жүйелер орталығымен келіссөздер жүргізуде. 
«Оқыту бағдарламасын смартфон қосымшасына жүктеп алуға болады. Онлайн-ресурс тәулік бойы жұмыс істемек. Бағдарламада барлық тілдік дағдыларды бір уақытта дамыту жолдары: ауызша сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу қарастырылған», - деп толықтырды Мемлекеттік тілді дамыту қорының басшысы. 




Яндекс.Метрика