Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын талқылау басталды

«Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының жобасы қоғамның талқылауына ұсынылды, деп «Нұр Отан» партиясында хабарлады.
Казахстан24 Шілде , 16:27

2008 жылдан бері қолданыста келе жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама тұтастай алғанда қойылған мақсаттарды шешкенімен, бүгінгі уақытта өзінің өзектілігін жоғалтты.  «Қазақстан 2050» Стратегиясының мақсаттары мен партия Доктринасындағы басымдықтарды назарға алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағдарламасы мемлекет пен барлық қоғамның жігерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмылдыруды көздейді.

Жаңа бағдарлама партияның саяси Доктринасындағы құндылықтарды іске асыратын, концептуалдық, жүйелік сипаты бар саяси, идеологиялық құжат болып табылады. Ендігі уақытта сыбайлас жемқорлықты туғызатын себеп пен жағдайды жоюға басты назар аударылмақшы.  

Жобаға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың негізгі салмағы жергілікті жерлерге, бастауыш партия ұйымдарына ауады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру баяндамасын жариялау секілі басқа да жаңа механизмдерді енгізу қарастырылды.

«Сондай-ақ онда, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету, оның ықпалы қатты тиіп жатқан экономика секторына бақылауды күшейту керектігі атап өтілген. Бұдан бөлек, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың және ел экономикасы дамуының негізі болып табылатын күшті орта тапты қалыптастыру қажеттігілігі қарастырылуда.  Бағдарлама жеке меншікке қол сұқпау, адал бәсеке қағидаттарын тиімді іске асыруға және орта тапты қалыптастырудың негізі болып табылатын бұқараның кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика